Ел жаңалықтары

«Асыл тұқымды мал сатамын»: шымкенттік алаяқ алты жарым жылға сотталып кетті

  • «Асыл тұқымды мал сатамын»: шымкенттік алаяқ алты жарым жылға сотталып кетті

    «Асыл тұқымды мал сатамын»: шымкенттік алаяқ алты жарым жылға сотталып кетті

Тіпті, жай таналарды асыл тұқымды деп алдап әкеп те берген. Содан секем алған жәбірленушілер шу шығара бастаған.

Асыл тұқымды мал сатамын деп алдап, талайды тақырға отырғызып кеткен азамат алты жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Шымкент қаласы Абай аудандық соты миллиондап алып, кәсіпкерлерді алдаған алаяққа осындай үкім шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шымкент қаласының тұрғыны, 1965 жылы туған С.Терехин мал шаруашылығымен айналыспақ болған танымал блогерге асыл тұқымды ірі қара мал сатамын деп алдап, 68 450 000 теңгесін алаяқтықпен иемденіп алған. Алдын ала адамдар тобымен сөз байласып алған сотталушы Терехин 2015 жылдың тамыз айының соңында әрқайсысының құны 315 мыңнан асатын 90 бас асыл тұқымды «Әулиекөл» ірі қара малын сатамын деп уәде еткен. Жәбірленуші арқылы тағы бір кәсіпкермен танысып, оған да 70 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатамын деп 28 млн теңгеден астам ақшасын алдап алған.


Тіпті, жай таналарды асыл тұқымды деп алдап әкеп те берген. Содан секем алған жәбірленушілер шу шығара бастаған. Сол аралықта Терехин тағы бір мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкердің 45 бас бағалы қойын алып, 1 170 000 теңгеге тақырға отырғызып үлгірген. Алғашқы сот талқылауы кезінде сотталушы өз кінәсін мойындамаған. Алайда, сот тергеуі барысында сотталушының кінәсі толық дәлелденген. Төрт жылдан бері тергеліп сотқа жеткен қылмыстық істі Шымкент қаласы Абай аудандық сотында судья Элеонора Бакирова қараған.


Сотталушыға ҚР ҚК 190-бабының 4-ші бөлігі 2-ші тармағымен, 385-бабының 2-ші бөлігімен айып тағылып, сот үкімімен алты жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сотталушы сот залынан қамауға алынған.


Бастапқы сот үкімімен келіспеген сотталушы С. Терехин апелляциялық шағым келтірген. Апелляциялық алқаның шешімімен сот үкімі күшінде қалды. 




Көрілген: 410    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.09.2019, 13:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30