Ел жаңалықтары

Ата-ананың жалақысы мен несиесі туралы оқулықтағы тапсырма дау туғызды

  • Ата-ананың жалақысы мен несиесі туралы оқулықтағы тапсырма дау туғызды

    Ата-ананың жалақысы мен несиесі туралы оқулықтағы тапсырма дау туғызды

Әлеуметтік желілерде төртінші сыныпқа арналған әлемді тану жөніндегі қазақстандық оқулықтағы тапсырмаға қатысты дау туды. Борис Сартаев балалардың отбасының кірістері мен шығыстарын, соның ішінде несиелерін жазуы керек екеніне наразы болды. Кейбір желі қолданушылары бұл тапсырмадан ешқандай қателік көрмеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Бұл туралы жазбаны Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Facebook парақшасына салған.


Ер адам төртінші сынып оқушыларының тапсырмасында отбасылық бюджетті, яғни балалар өздерінің әкелері мен аналарының кірістері мен шығыстарын, оның ішінде коммуналдық қызметтер, несиелер, тамақ, киім, ойын-сауық пен бензинге кететін шығындары туралы жазуды сұрағанына таң қалған.


Сондай-ақ, оқушылар тапшылықтың бар-жоғын, кірістері тең немесе артық па соған жауап берулері тиіс.


"Оқулық құрастырушылар, сіздер түнде салық комитетінде қосымша жұмыс жасамайсыздар ма? Бұл қандай сұрақтар!!!

Отбасы бюджеті туралы деректерді балалар арқылы алуды шештіңіздер ме?


Мен мұндай оқулықтар мен тапсырмаларға қарсымын. Бұл менің жасыратын бірнәрсем (менің "жоғары" дәрігерлік жалақым) болғаннан емес, штаттағы ҰҚА сияқты балалар арқылы ақпарат жинау заңсыз", - деді ер адам.




Кейбір пікір жазушылар автормен келіспеді.


"Мұнда бір жаман ой болған деп ойламаймын. Балаға кіріс-шығыс сметасының не екенін көрсеткісі келеді. Сандарды ойдан шығарып көрсетуге болады ғой",

"Кез келген сандарды көрсетуге болады ғой. Балаларды бюджетті жоспарлауға үйреткенде тұрған не бар? Бұл өмірде керек болатын сияқты",

"Әке 50000, ана 30000 деп жазыңыз, балаға бюджетті жасау керек, кіріс туралы анықтама ешкім талап етіп отырған жоқ қой. Кішкене логика мен қиял қосыңыз", - деді пікір жазушылар.

Кейінірек астаналық балаларды экономикаға үйретуге қарсы емес екенін, алайда оның ойынша, балалар ата-аналарын тығырыққа тіремес үшін оқулық авторлары тапсырмаларды нақтырақ тұжырымдау керек екенін айтты.




Көрілген: 419    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.10.2019, 17:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30