Атып өлтірген: Алматыда жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды

15 қаңтар 2022, 15:00

Алматыда жоғалып кеткен 1972 жылы туған Ерлан Жағыпаров өлі күйінде табылды. Қайғылы хабарды ер адамның туыстары растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме беріп.

Жағыпаровтың туыстары ол 6 қаңтарда сағат 18:40-18:50-де Сәтпаев және Назарбаев көшелерінің қиылысында жоғалып кеткенін мәлімдеді. 12 қаңтар күні, сәрсенбіде олар оның қайтыс болғанын білген.

Туыстарының сөзіне қарағанда, оны атып өлтірген.

6 қаңтарда шамамен осы ауданда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы - Елнар да көз жұмған еді.