Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директорына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

19 ақпан 2022, 16:13

Қаржы мониторингі агенттігі Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады. Бұл туралы агенттіктің Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Атырау облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Ш.А. Данбайға және Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша басқа тұлғаларға қатысты Атырау МӨЗ-нің қажеттіліктері үшін жабдықтар сатып алуға бөлінген ақша қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр», - делінген ведомствоның Telegram-арнасындағы хабарламасында.
Агенттік тергеу жалғасып жатқанын, сондай-ақ тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.