Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Атырау облысында қысқа азық ретінде дайындалған 10 тоннадан астам шөп өртеніп кетті

07 тамыз 2022, 16:12

Атырау облысында ауладағы қысқа азық ретінде дайындалған 47 рулон, шамамен 10 тоннадан астам шөп түгі қалмай өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметіне қарағанда, өрт 7 тамызда сағат 03:25-те болған. 

 

Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылындағы Ғ.Есенгалиев көшесіндегі екі үйдің ауласында алдағы қысқа дайындалған рулон шөп жиналған. Оның жалпы ауданы 15х8 метрді аумақты құрайды. 

 

Жалынның салдарынан ауладағы 47 рулон түгі қалмай жанып кетті. Өрт сағат 05:30-да оқшауланып, сағат 06:30-да толық сөндірілді 

 

«Өрт сөндіруге Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері мен 1 техникасы, «Семсер» ЖШС-нің 6 қызметкері мен 2 техникасы тартылды. Жалынның салдарынан зардап шеккендер жоқ», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.