Ел жаңалықтары

Атырау облысында Ресеймен шекарадағы ауыл атауын өзгерту ұсынылды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Атырау облысында Ресеймен шекарадағы ауылдың атауын өзгерту ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Ресеймен шекаралас Құрманғазы ауданының Байда ауылдық округiнің әкімі Жүсіп Төреғалиевтың айтуынша, бұл мәселе тұрғындар жиынында қозғалған.

 

«Екі елдің шекарасындағы ауылымыз Котяев аталады. Ауыл атауын өзгерту мәселесі тұрғындар арасында көптен бері көтерiлiп келеді. Бірақ, бұл – бүгінге дейін шешімiн таппаған мәселенің бірі. Ауыл мен округтiң атауын өзгерту мәселесі қозғалған жиында ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері мен тұрғындар өз ұсыныстарын ортаға салды» -дейді Жүсіп Төреғалиев.

 

Оның айтуынша, тұрғындардан екі ұсыныс түскен.

 

Оның бiрiншici – Котяев атауын Бөкей хан деп өзгертiп, округтiң атауын бұрынғыша қалдыру.

 

Екінші ұсыныста округке де, ауылға да қазақтың бiртуар тұлғасы Бөкей ханның атын беру айтылған.

 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында Ресеймен шекарадағы ауылда жедел жәрдем бекеті ашылғанын жазған болатынбыз.

 

 

 




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

сенбі, 31.07.2021, 16:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30