Атырау тас жолында көлік ішіндегі әйел тірідей өртеніп кетті

15 шілде 2021, 20:04

Тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Астрахань тас жолында болған жол апатында көліктің ішіндегі әйел тірідей жанып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы оқиға 14 шілдеде түстен кейін болды.

14 шілдеде күндіз Атырау-Астрахан трассасында 1996 ж.т. жүргізушінің басқаруындағы Toyota Ipsum және 1957 ж.т. жүргізушінің басқаруындағы Toyota Highlander көліктері соқтығысты. Нәтижесінде жолаушы әйел қаза болды - ол өртеніп жатқан көліктен шығып үлгермей, тірідей жанып кетті, делінген Ақ Жайық басылымында.

Тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы (Адам өліміне әкелген жүргізушінің жол жүру ережесін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - дейді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.