Атырау тұрғыны әскери техниканы сатпақ болған

27 сәуір 2022, 12:09

Атырау тұрғыны БРДМ-2 барлау-шолу көлігін сатпақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 

12 сәуірде полиция шұғыл ақпарат келіп түскен. Ақпаратты Атырау облысы полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы тексерген. Іздеу шаралары нәтижесінде 1986 жылы туған азаматтан аталған әскери техника тәркіленді. 

Қазір Қылмыстық кодекстің 386-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрін¬де бұлтартпау шарасы таңдалған.