Атырауда 20 жастағы қыз көпірден секіріп мерт болды

01 қараша 2020, 12:55

Атырауда 20 жастағы қыз Жайық өзеніне көпірден секіріпмерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ақ Жайық» сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 29 қазан күні кешке болды.

 
«Сағат 23.05-те төтенше жағдайлар қызметіне Балықшы ықшамауданындағы қыз көпірден өзенге секірді деген хабарлама келді. Құтқарушылар қайғылы оқиға орнына 12 минуттан кейін жетті, Өкінішке қарай, оны құтқара алмады», - деп хабарлады ТЖД.

Қыздың мәйітін құтқарушылар келгенге дейін өзеннен шығарып алған. Қазіргі уақытта өлімнің мән-жайы анықталып жатыр.