Атырауда 30 жастағы жігіттен жарты келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді

07 наурыз 2022, 13:23

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

Атырауда 30 жастағы жігіттен жарты келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
 «Атырау қаласында тұратын 30 жастағы жігіттің аса ірі көлемде синтетикалық есірткі затын сақтап келгені анықталды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның үйін тінту кезінде гаражынан ақ түсті ұнтақ зат салынып, скотчпен оралған полиэтилен пакет табылды. Сараптама қорытындысына ұсынылған ақ ұнтақ жалпы салмағы 471,25 гр синтетикалық есірткі – альфа-пирролидин валерофенон (a-PVP) екені дәлелденді. Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.