Атырауда баласын қоқысқа тастап, үсіріп өлтірген әйел сотталды

05 қазан 2021, 13:00

Атырау облысында қақаған қыста баласын босанып, қоқысқа тастап кеткен безбүйрек әйелге үкім шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы жылдың қаңтар айында Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы қоқыс жәшіктерінің бірінде жаңа туған сәбидің денесі табылған болатын. Жантүршігерлік оқиға кішкентай ауылды аяққа тұрғызып, кейін баланың анасы да табылады. Кіммен төсектес болғанын білмеген әйел босанғанын осылайша жасырмақ болған.


Атырауда әйел жаңа туған сәбиін дәретхананың шұңқырына тастай салған
Тазалықшы болып жұмыс істеген: Сәбиін дәретханаға тастай салған Атырау тұрғыны туралы не белгілі?

Сотта өз кәнісін мойындап, отбасын сақтап қалғысы келгенін айтқан әйел, көз жасын көл қылды.

Сот-медициналық сараптамасы нәрестенің тірі туылғанын анықтады. Яғни нәресте үсіп өлген.

Безбүйрек ана ҚР ҚК 100 бабымен (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) кәнәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.