Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Атырауда екі ай бұрын өзенге батып кеткен ер адамның денесі табылмай жатыр

16 наурыз 2023, 20:53

Атырауда екі ай бұрын Жайық өзеніне батып кеткен ер адамның денесі табылмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

 
Атыраулық құтқарушылар Жұмыскер ауылы маңынан Жайық өзеніне түсіп кеткен ер адамды іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Еске салайық, ағымдағы жылдың 5 қаңтар күні 11:14 сағатта Атырау қаласы, Жұмыскер ауылы маңында Жайық өзенінде мұз ойылып, 2 адамның мұз астына түсіп кеткен болатын.

Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы құтқарушылары бір адамды судан алып шыққан. Ал екінші адамның денесін 10 күн бойы іздеп, таппаған соң іздеу жұмыстары тоқтатылған болатын.

«Ауа райының жылынуына байланысты Жайық өзені бетіндегі мұздың еруіне байланысты, жоғалған азаматтың туыстарының арызы бойынша іздестіру жұмыстары жалғасуда. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, 1 бірлік техникасы және 1 жүзу құралы жұмылдырылды», - деп көрсетті облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.