Атырауда полицейлер ашық терезеден қарап тұрған екі бүлдіршінді құтқарды

06 маусым 2022, 12:49

Атырау облысында полицейлер ашық терезеге қарап тұрған екі және үш жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық полиция департаментіне хабарлама 5 маусым күні сағат 19:00 шамасында түскен.

“Оқиға орнына келген Тойғожа Әзбергенов, Ренат Исемғалиев, Аслан Мұсаев және Мақат ауданының тұрғыны Қайрат екінші қабаттың терезесіне көтеріліп, балаларды қауіпсіз жерге алып кетті”,- деді Атырау облысы полиция департаментінің


Қазақстанда балаларды қауіпті жағдайда қалдырғандар 45 тәулікке қамауға алынады
Екібастұзда 5 жастағы бала терезеден құлап кетті

Деректерге сәйкес екі бүлдірішін үйде жалғыз болған.

“Ювеналды полиция инспекторының мәліметінше балалардың 1997 жылғы ата-анасы жұмыста болған. Тәртіп сақшылары олармен түсіндірме әңгіме жүргізді,”- деп қосты баспасөз қызметі.