Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Атырауда сайлауалды штаб мүшелері әуежай ұжымымен кездесті

15 наурыз 2023, 19:30

Сайлауалды штаб мүшелері үгіт-насихат жұмыстары барысында Атырау әуежайының ұжымымен кездесу өткізіп, өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

 
AMANAT партиясы бүкіл елмен бірге жаңғыруда. Сайлауға түйткілді мәселелерді шешетін, өмірді жақсартатын бағдарламамен түсетін партияның мақсаты айқын. Ол – халық мүддесі үшін жұмыс.

Осы уақытқа дейін, жылдарға жалғасқан жұмыс барысында партия алаңында талқыға түскен, ауыл-аймақты аралаған кезде халық жолдаған сауалдарға негізделген, бұқараның 200 мыңнан асатын аманатынан тұратын сайлауалды бағдарламаның авторы – халық.

Кездесуде алдағы жоспарлары жайын атаған кандидаттар бірлескен түрде жасақталған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламада әр қала, аудан, ауылдағы отбасының өмірін жақсартатын жүйелі іс-шаралар жоспары қарастырылғанын айтып өтті.

«Бұл бағдарламадан әр адам әл-ауқат пен жұмыс, жалақы мен азық-түліктің қолайлы бағасы, сапалы медицина мен білім, жеке баспана мен әлеуметтік қамсыздандыру, ауылды дамыту мен қала инфрақұрылымы, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау туралы сұрақтарға жауап таба алады»,- деген кандидаттар жиын барысында айтылған ұсыныстарды назарға алатындарын атады.
Атырау облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді