Атырауда заңсыз қару иеленген 11 адам жауапкершілікке тартылды

04 наурыз 2022, 15:05

Бір айда 24 заңсыз қару тәркіленді

Атырауда «Қару» іс-шарасы барысында 24 заңсыз сақталған қару тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

 
Полиция қызметкерлері 7 ақпаннан басталған «Қару» жедел алдын алу профилактикалық іс-шарасы кезінде мал жайылымы учаскелерінде, шаруа қожалықтарында, фермерлік және аңшылық шаруашылықтарында қаруды және оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілерін анықтау мақсатында 148 рейдтік және 219 тексеру іс-шараларын жүргізді.

Тексеру нәтижесінде 24 заңсыз сақталған қарулары, оның ішінде 15 тегіс ұңғылы, алты травматикалық тапанша, үш электрлі қару тәркіленді.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабымен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) 8 қылмыстық іс тіркелді.

Сонымен қатар, 11 азамат Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабымен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, «Қару» ЖПІШ кезінде ішкі істер органдарының есебінде тұрған 4 540 азаматтық атыс қарулар иелерінің тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріс ұйымдастырылып, 163 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 484-бабымен (Азаматтық және қызметтік қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзу) – 131, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 486-бабымен (Азаматтық және қызметтік қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) – 32.

Біріктірілген деректер банкінің «Криминалдық қару» есебінде «мекенжайы анықталмаған» санатымен тұрған 3 және «жоғалған қару» санатында тұрған 3 тегіс атыс қаруы анықталды.