Ел жаңалықтары

Атыраудан магнит-адам табылды

  • Атыраудан магнит-адам табылды

    Атыраудан магнит-адам табылды

Атырауда ерекше адам тұрады. Бұл 70 жастағы Октябрь Жұмашев, денесі магнит сияқты заттарды өзіне тартады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Каспий коммунасына" сілтеме жасап.

Газеттің жазуынша, Октябрь бала кезінен өзінің бір ерекшелігін байқаған, денесіне үнемі металл заттар – қасықтар, шанышқы, пышақтар жабысқан. Бұл туралы ол қудалау мен қиғаш көзқарастан қорқып айтпаған. Тек әскерден оралғаннан кейін Октябрь туған-туысқандары мен жақындарына өзінің мүмкіндіктерін көрсетуге шешім қабылдаған.

 

"Технологта оқыдым,  заңгер болып жұмыс істедім, бірақ әрдайым адамдарға көмектесуге ықыласым болды. Арнайы медициналық курстардан өтіп, массаж істейтін болдым. Көп жылдар бойы сүйікті ісіммен айналысамын. Пациенттер менің қолымның ыстық екенін айтады, олар тез қалпына келеді", - деп мойындады Жұмашев.

Сонымен қатар, ер адам - Исатай Таймановтың бесінші ұрпағы.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ғалымдарының пікірінше, магнетизм биологиялық нысандарға тән. Ол ағзада электр зарядын көтеретін және әлсіз магнитті қасиеттері бар көптеген элементарлық бөлшектердің болуымен байланысты.

"Магнетизм әр адамға тән. Тек әр адам әр түрлі көрінеді. Гендік деңгейде мұрагерлік бойынша берілуі мүмкін. Магнит-адамның қан айналымы кезінде ерекше энергия немесе жылу шығады", – дейді химия ғылымдарының кандидаты Ардақ Аманқосова. 

 
 

 




Көрілген: 260    Пікірлер: 0

жұма, 15.05.2020, 10:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31