Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Атышулы «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің атыраулық өкілі Оралда ұсталды

09 тамыз 2020, 20:37

Атырауда «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің салымшыларын қаржы пирамидасына тарту, сондай-ақ, алаяқтық дерегімен іздеуде болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті сақшылар Батыс Қазақстан облысындағы әріптестерімен бірлесіп жүргізген жедел іздестіру шарасының нәтижесінде, күдіктіні Орал қаласында қолға түсірген. Ұсталған күдікті оқшаулау орнына қамалды. Оған биылғы ақпанда іздеу жарияланған болатын.

Сол кезде Полиция департаментіне «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің, «Нурали Капитал», «Выгодный займ» микрокредиттік ұйымдары филиалдарының азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін, ақшалай қаражатын заңсыз иемденіп алу әрекеттеріне қатысты шағымдар түскен еді. Қазір тұрғындардың арыз-шағымдары негізінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын атыраулықтарды алдаған «Нұрали Капитал» ЖШС-нің құрылтайшысы Алматыда ұсталған болатын.