Ауа райы бұзылды: астанадан қай бағыттарға жол жабық

07 наурыз 2022, 18:51

Республикалық маңызы бар жолдардың жабылуы туралы ақпаратты Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы жариялады
 Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының мамандары ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жолдардың кейбір бағыттары бойынша қаладан шықпауға шақырды.
Ақпарат Қалалық мониторинг орталығының Telegram-каналында жарияланды.
"7 наурызда сағат 14:20-да ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) Екатеринбург-Алматы республикалық маңызы бар автожолында 917-ден 1 247 шақырымына дейін, Нұр-Сұлтан учаскесі - Жақсы кенті бағытында көліктің барлық түріне жол жабылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, боран мен жолдың нашар көрінуіне байланысты сағат 15:00-ден бастап Нұр-Сұлтан-Щучинск тасжолының 18-ден 231-ші шақырымына дейінгі учаске барлық көлік үшін жабылды.
Осыған ұқсас қозғалыс республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті автожолында 16-дан 156 километрге дейінгі учаскесінде сағат 15:30-дан бастап қозғалыс тоқтатылды.
Жағдайдың өзгерген кезде қосымша ақпарат жарияланады.