Қазгидромет синоптиктері еліміздің 11 өңірінде күн райы бұзылатынын болжады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстік-шығысында 15-20, екпіні 25 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
22 желтоқсанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігініде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, күші түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, түнде облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, түнде екпіні 25 м/с.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.