Ел жаңалықтары

Ауа температурасы төмендейді: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

  • Ауа температурасы төмендейді: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

    Ауа температурасы төмендейді: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Жауын-шашын болып, жел күшейеді, көктайғақ болады. Елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде бұрқасын болады

Қазгидромет 26-28 қазанда ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктер болжамына сәйкес, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Сондай-ақ жауын-шашын болып, жел күшейеді, көктайғақ болады. Елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде бұрқасын болады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 0...-5°C аяз. Күндіз +3...+12°C-тан +5...+15°C-қа дейін жылы болады.

Солтүстік-батыста түнде ауа температурасы 0...-5°C аралығында төмендейді. Ал облыстың батысында -3...-8°C аязға дейін, күндіз 0...-5°C аралығында суық болады.

Оңтүстікте +5...+13°C жылы, республиканың солтүстігінде +2...+7°C-тан -2...-7°C аязға дейін төмендейді.

Қазақстанның орталығында түнде -3...+5°C-тан -7...+3°C дейін төмендейді, шығыста -3...+5°C-тан -1...+7°C төмендейді. Күндіз 0...+8°C болады.

Елдің оңтүстігінде -3°C-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +8...+15°C-қа дейін көтеріледі.

Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтанда 26-27 қазанда күн бұлтты, түнде -5...+3°C, күндіз +3...+10°C көрсетеді. 28 қазанда түнде -3°C, күндіз +6°C жылы болады.

Алматыда 26 қазанда күн ашық, түнде +6°C, күндіз +17°C жылы болады. 27-28 қазанда күн бұлтты, түнде +8°C, түнде +14°C жылы.

Шымкентте 26-27 қазанда күн бұлтты болады, түнде +7...+8°C жылы, түнде +15...+18°C жылы болады. Ал 28 қазанда жаңбыр жауады, түнде +7°C, күндіз +15°C көрсетеді.

Қарашада ауа райы қандай болады
Айдың бірінші жартысы жылы болады деп болжанып отыр. Солтүстікте ауа температурасы түнде минус 3 градустан -8...-13°С дейін, күндіз +3...+10°С-тан -2+3°С дейін құбылады.

Бірінші онкүндіктің соңында республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында жел күшейіп, жауын-шашын (көбіне қар) түседі, айдың екінші жартысында бұл құбылыс жиілейді. Бір ай бойы көктайғақ пен тұман байқалады.

"Айдың екінші жартысында күн қатты суытады. Сынап бағанасы түнде -17...-25°С дейін, күндіз -8...-13°С дейін, ал еліміздің шығысында түнде -30°С дейін, күндіз -18°С дейін төмендейді", - деп болжады синоптиктер.

Қарашаның үшінші онкүндігінде аяздың беті қайтады. Батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жабысқақ қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады.

Ең жылы күндер айдың бірінші жартысында болады. Күндіз ауа температурасы +10...+18°C дейін жоғарылауы мүмкін, алайда қарашаның екінші жартысында температура фоны түнде -5...-17°C, күндіз -2...-7°C дейін төмендейді.

Үшінші онкүндікте күн қайтадан жылынады.

sputnik.kz




Көрілген: 971    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.10.2021, 20:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30