Ел жаңалықтары

Ауғанстаннан оралған қандастар қайда орналасады

  • Ауғанстаннан оралған қандастар қайда орналасады

    Ауғанстаннан оралған қандастар қайда орналасады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ауғанстаннан оралған этникалық қазақтарды орналастыру мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ауғанстаннан елге оралған 35 этникалық қазақ қазір Алматыда карантинде жатыр. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ерболат Абдулхатинның айтуынша, ведомство Ауғанстаннан оралған этникалық қазақтардың әлеуметтік портретін жасады.

"Келген адамдардың оны 18 жасқа дейінгі балалар, 24 адам еңбекке жарамды азамат және біреуі зейнеткер. 35 адамның 29-ы этникалық виза алды, алты адам өздерінің Ауғанстандағы Қазақстан елшілігінде құрылған арнайы комиссия алдында қазақ ұлты екенін дәлелдеді", – деді спикер.

Абдулхатинның айтуынша, министрлік оларды оралмандар мен қоныс аударушаларды қабылдауға квотасы бар өңірлерге орналастыруды қарастырып жатыр.

"Аталған квота аясында оларға әр адам басына 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (204 мың теңге) бір реттік төлем беріледі. Сонымен қатар мүмкіндігінше "Еңбек" бағдарламасы аясында салынған баспанамен қамтуға тырысамыз. Немесе мемлекет үйді жалға алу ақысы мен коммуналдық төлемдерді төлеп береді", – деп атап өтті ол.

Қазіргі күні аталған азаматтарға "қандас" мәртебесін беру мәселесі де назарға алынған. Осы мәртебе арқылы квотаға қол жеткізе алады. Олар "қандас" мәртебесімен қатар Қазақстан азаматтығын алуға, тұрақты мекенжай квоталарына өтінім бере алады.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес  Ауғанстаннан 35 қандастың тарихи отанына оралды.




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.09.2021, 15:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31