Ел жаңалықтары

Ауру баласымен шиномонтажда тұрып жатқан жалғызбасты әкеге 600 мың теңге ақша жиналды

  • Ауру баласымен шиномонтажда тұрып жатқан жалғызбасты әкеге 600 мың теңге ақша жиналды

    Ауру баласымен шиномонтажда тұрып жатқан жалғызбасты әкеге 600 мың теңге ақша жиналды

Пәтерақысын төлей алмағаны үшін, қарызға батқан жалғызбасты әке Вячеслав Дружинин ұлымен бірге шиномонтажда тұрып жатыр. Бүгін елордалық тұрғын көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ол жақында ғана әйелінен айырылғанын, екі баласына өзі қарауға мәжбүр екенін, қарызға батқанын айтты.

«Мен осындай жағдайға түсіп қалдым. Әйелім қайтыс болды, қырық күндігі өтті. Балам ДЦП-мен ауырып, қиын жағдайда қалдық. Пәтерақысын төлемегенімізге 3 ай болды. Ақша жетпей, қиналған соң, осы жұмысыма шықтым. Баламмен бірге осы жерде тұрып жатырмын. Зейнетақы да түспей қойды. Кім көмектесе алады, қол ұшын беріңіздерші», - дейді Вячеслав видеода. 

Шиномонтажда тұрып жатқан әкеге қазақстандықтар тез арада жарты миллионнан астам ақша жинап берді. Желіде тараған видеода екі ер адамның оған 600 мың теңге бергенін байқауға болады.

Ол 320-330 мың теңге қарыз болғандықтан, банк картасы бұғатталғанын түсіндірді. Жалғызбасты әкеге көмек бергісі келген азаматтар Нұр-Сұлтан қаласы, Шабал Бейсеков көшесі, 20 мекен-жайына барып, көлігінің дөңгелегін ауыстыру ақылы қызметіне жүгіне алады.




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 17:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31