Ауру өршіп, Өзбекстан шекарасын жапты

17 қаңтар 2022, 10:00

Өзбекстан 15 қаңтардан бастап мемлекеттік шекарадан өткізуді тоқтатты, – деп хабарлайды 24.kz.

Себебі, Өзбекстанда omicron штамының таралуына жол бермеу мақсатында сақтықты күшейтті. Өзбекстан СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасы сақталған.
15 қаңтардан бастап Өзбекстан аумағына кірушілер (көлік қатынасын қоспағанда) ПТР-сынамасының теріс нәтижесін шекарадан өткенге дейін 48 сағаттан асырмай ұсынуы, сондай-ақ Өзбекстан аумағына кірген кезде коронавирусқа экспресс-антиген тест тапсыруы тиіс екені айтылды.

Шекарадан өтуге рұқсат етілген азаматтар тізімі:

– Отанына оралған Өзбекстан мен Қазақстан азаматтары;

– үкіметаралық фельдъегерь байланыс қызметкерлері;

– халықаралық жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілер;

– ресми (үкіметтік) делегация құрамындағы адамдар;

– дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме мен халықаралық ұйым қызметкерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері;

– Қазақстан аумағында орналасқан Өзбекстан нысандарына қызмет көрсетуші персонал, сондай-ақ, Өзбекстан аумағында орналасқан Қазақстан нысандары;

– қызметін инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асыратын азаматтар;

– Өзбекстанда тұрақты тұратын Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын Өзбекстан азаматтары;

– ауыр сырқаттанған жақын туыстарына бару немесе жақын туысының жерлеу рәсіміне қатысу мақсатында келетін адамдар;

– марқұм туысының мәйітін алып келе жатқан азаматтар.