Australian Open: Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

22 қаңтар 2023, 11:43

Australian Open турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Қазақстанның бірінші ракеткасы, Уимблдон-2022 жеңімпазы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің төртінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңіп, ширек финалға шықты.

Ойын екі бөлімде аяқталды, онда Рыбакина 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Елена Рыбакина карьерасында алғаш рет Австралия чемпионатының ширек финалында ойнайды.