Ел жаңалықтары

Ауылдағылар ПТР-тестті қалай тапсырады ?

  • Ауылдағылар ПТР-тестті қалай тапсырады ?

    Ауылдағылар ПТР-тестті қалай тапсырады ?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет 1,2 млн ПТР-тест  сатып алу үшін 1 миллиард теңге бөлгенін мәлім етті. Сондай-ақ, жаңа сайланған министрдің айтуынша, ауыл тұрғындарынан ПТР-тестті мобильді жылжымалы зертханалар алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Қазіргі уақытта министрлікте 7 жылжымалы мобильді зертхана жұмыс істейді, шілде айында тағы 8 зертхана сатып алу көзделген. Олардың барлығы ауылдық жерлердегі COVID-19 зерттеуін қажет ететін адамдарға пайдаланылады. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі ветеринарлық және ауруханалық зертханалар коронавирусты зерттеуге бейімделетін болады»,-деді Цой.

Сонымен қатар, Алексей Цой ПТР-тесттердің Қазақстанға нақты қашан түсетінін айтпады. Тек Үкіметтен ПТР-тестіне 1 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті.

 «Үкімет 1,2 млн тест сатып алу үшін 1 миллиард теңге бөлді. Тесттер қоры әрдайым толығып отырады. Тесттер жақын арада түседі. Қазақстанда қазіргі таңда 46 диагностикалық зертхана бар. Нұр-Сұлтан қаласында ғана күніне 10 мың тест жүргізуге болады. Зертханалардың қуаттылығын арттыру мақсатында тамыз айының соңына дейін 20 ПТР-анализатор сатып алу жоспарланып отыр», - деді ол.

Айжан Қалиева, Алматы


 




Көрілген: 238    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.06.2020, 12:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31