Ел жаңалықтары

Ауылды жерлерге интернет жеткізетіндерге субсидия бөлінеді – министр

  • Ауылды жерлерге интернет жеткізетіндерге субсидия бөлінеді – министр

    Ауылды жерлерге интернет жеткізетіндерге субсидия бөлінеді – министр

Ауылда интернетті үйге дейін жеткізу шараларына субсидия бөлінеді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде ауылдық елді мекендерде сымды телефония қызметі және пошта қызметтері жыл сайын 8 миллиард теңгеге субсидия алып отырады.

"Енді, біз телеком оператораларына мотивация ретінде оптикалық байланыс және басқа да технологиялар арқылы қосылған интернетті ауылдағы үйлерге дейін жеткізуді субсидиялайтын боламыз. Нәтижесінде ауыл адамдары қазіргі заманғы көрсетілетін қызметтерді еркін пайдаланатын болады", &ndash деді Мусин сенатта өткен үкімет сағатында.
Министрдің айтуынша, ауылдарда кең жолақты байланыс желілерін салуға арналған қаражатты осы жұмысқа қайта жұмсағаны үшін салықтық жеңілдіктер беру ұсынылып отыр. Ал интернеттің сапасын бақылау үшін арнайы қызмет іске қосылды. Осылайша, халықтық бақылау болады, мемлекеттік қадағалау да күшейеді.

"Интернет сапасына халықтық бақылау жүргізу үшін байланысы бар сервис іске қосылды. Яғни, қазіргі кезде кез келген азаматтың смартфон арқылы интернеттің кемшіліктерін бізге жолдап отыруға мүмкіндігі бар. Осы уақытқа дейін 50 мыңнан астам адам осы қызметті қолданып үлгерді. Сонымен қатар, мемлекеттік бақылауды жүргізу мақсатында 17 жылжымалы өлшеу кешендері сатып алынуда. Премьер-министр бізді қолдады. Осы жылдың аяғына дейін сол кешендерді сатып аламыз", &ndash деп атап көрсетті Мусин.

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/society/20201016/15214063/Auyl-internet-subsidiya.html




Көрілген: 261    Пікірлер: 0

жұма, 16.10.2020, 13:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31