Ел жаңалықтары

«Аяғы дірілдейтін жігітпін»: Навальный қалай қиналғанын айтты

  • «Аяғы дірілдейтін жігітпін»: Навальный қалай қиналғанын айтты

    «Аяғы дірілдейтін жігітпін»: Навальный қалай қиналғанын айтты

Charite University Hospital Berlin-дің таңғажайып дәрігерлері негізгі мәселені шешті. Олар мені «техникалық тұрғыда тірі адамды» қайтадан тіршіліктің ең жоғары формасы - адамға айналдырды.
Алексей Навальный Instagram-да уланудан кейінгі қалпына келтіру процесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

"Менің қалпына келуімнің қалай жүріп жатқанын айтып берейін. Менің қолымдағы телефон тас сияқты пайдасыз затқа айналды, өзіме су құйып алу сияқты қарапайым қабілет әурешілікке салды.

Жақында ғана мен адамдарды танымай, қалай сөйлесу керектігін түсінбей жүрдім. Күн сайын таңертең дәрігер маған келіп: "Алексей, мен тақта алып келдім, оған қандай сөз жазуға болатынын ойланайық" дейтін. Бұл мені үмітсіздікке салды, өйткені мен дәрігердің не қалайтынын жалпы түсінгеніммен, сөздерді қайдан алуға болатынын түсінбедім. Олар адам басында қалай пайда болады? Сөзді қайдан табуға болады және ойыңды қалай білдіруге болады? Мұның бәрі мен үшін түсініксіз болды. Сондықтан үнсіз жүрдім", - деп жазды Навальный.

"Енді мен баспалдақпен көтерілгенде аяғы дірілдейтін жігітпін", - дейді оппозиционер.

"Әлі шешілмеген көп мәселе бар. Алайда Charite University Hospital Berlin-дің таңғажайып дәрігерлері негізгі мәселені шешті. Олар мені «техникалық тұрғыда тірі адамды» қайтадан тіршіліктің ең жоғары формасы - адамға айналдырды, енді Инстаграммды қарап, еш ойланбастан лайкты қайда қою керектігін түсінетін адам болдым", - дейді ресейлік оппозиционер.

Еске салайық, Алексей Навальный қазір Германиядағы клиникада ем шараларын қабылдауда. ОлТомск-Мәскеу ұшағында өзін жайсыз сезініп, Омбы ауруханасынан жеткізілді. Блогер комаға түскен соң, оны Германияға ауыстырған. Оның өте күшті у мен уланғанын белгілі болды.

Бұл жағдай үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Осылайша, НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг оппозиционердің улануына қатысты халықаралық тергеу жүргізуді талап етті.

#Алексей Навальный 




Көрілген: 357    Пікірлер: 0

сенбі, 19.09.2020, 22:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31