Ел жаңалықтары

«Аяғымен барып, табытпен қайтты»: Қызылорда облысында босанған жас ана қайтыс болды

  • «Аяғымен барып, табытпен қайтты»: Қызылорда облысында босанған жас ана қайтыс болды

    «Аяғымен барып, табытпен қайтты»: Қызылорда облысында босанған жас ана қайтыс болды

Қызылорда облысында жаңа босанған жас ана қайтыс болды. Марқұмның туыстары өлім дәрігерлердің жауапсыздығынан болды деп санайды. Қайғылы жағдай Қармақшы аудандық ауруханасында болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Үшінші сәбиін дүниеге әкелмек болған Жадыра Аманжолова аудан орталығы Жосалы кентіндегі ауруханаға толғақ қысқан соң жедел жәрдеммен жеткен. Сәуірдің 22-не қараған түні жас ананың толғағы жетіп босанған. Алайда, 36 жастағы әйел шақалағын искей алмаған күйі бірден комаға түскен. Арада бес күн өткенде үш баланың анасы есін жимай қайтыс болды.

«Әпкем Жадыраның қайтыс болғанын дәрігерлер бізге 28 сәуір күні бір-ақ айтты. Дәрігерлер өлімнің себебін әліге дейін жасырып келеді. Ауылдағы учаскелік дәрігер кесер тілігі жасалды десе, аудандық ауруханадағы дәрігерлер Жадыра өзі босанды деп айтты. Бір-бірінің сөзін жоққа шығарады.  Ауруханадағылар марқұм әпкем туралы сан түрлі өтірікті айтуларын әлі жалғастырып келеді. Бірі баланың жолдасы алдымен келіп, қан көп кетті десе, екіншісі баланың иығымен келгенін, тағы біреуі бала аяғымен шықты деп миға қонымсыз өтірікті айтады. Босанбай жатып баланың жолдасы алдымен шықты дегенді қайдан естіп едіңдер? Олар босанған соң жатырын алып тастаған, оны да нақты айтпайды. Апайым түнде сағат үште қайтыс болды деген бізге, сөйтсек басқа уақытта демі үзілген екен. Міне, екі апта болды, неден қайтыс болғанын әлі нақты біле алмай отырмыз», - деді марқұмның туысы Құралай Аманжолова.

Туыстарының сөзінше, марқұмның тұңғышы да дәрігерлердің қателігінен шетінеп кеткен екен. Одан кейін екі баланы аман-есен туған Жадыра, сәуірдің соңында үшінші баласын босануға өз аяғымен ауруханаға барған. Аяғы ауыр ананың көзі өте нашар көретін болған. Көру өлшемі минус 11-ге жетіп, көзілдіріксіз жүре алмайтын деңгейге жеткен.

«Жадыра көзілдірігін шешсе мүлдем көрмей қалады, жүре алмайды. Минус 11 деген соқырлықтың алды. Ондай адамды ауруханаға өздері әкетіп, арнайы бақылауға алулары тиіс еді. Ауданда емес, Қызылордадағы арнайы орталыққа жатқызулары керек. Әпкемнің жетісін өткізіп жатқанда басшысы-қосшысы бар, барлығы 20 адам кешірім сұрауға келді. Өздері кінәлі болмаса неге жасырады, неге кешірім сұрап жүр? Көретінді осы Қармақшының дәрігерлерінен көріп келеміз. Атүсті қарайды адамдарға. Әпкем ауруханаға аяғымен барып, табытпен қайтты», - деді марқұмның сіңлісі.

Ал аурухананың науқас туралы анықтама құжатында марқұм әйелге кесір тілігі жасалмағаны жазылған. Жадыра Қалданбекқызының толғағы үйінде түнгі сағат 00:30 кезінде басталған. Ай-күні жеткен адамды алдын ала ауруханаға жатқызбаған. Толғақ кезінде баланың баспен емес, аяғымен келгені жазылған. Аурухананың бас дәрігерінен мән-жайды сұрағанда, бұл оқиғадан бейхабар екенін айтып, орынбасарына сілтеді.

«Орынбасарым операцияда, бір сағаттан соң босайды. Мәліметтердің бәрі орынбасарымда. Ақпаратты содан алып, кейін жібереміз», - деді Қызылорда облысы Қармақшы аудандық ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев.

Қармақшылық тұрғындардың сөзінше, дәрігерлер мұндағы науқастарға салғырт қарайды екен.

«Келінім алғашқы баласына толғағы қысып жедел жәрдеммен ауруханаға барғанда, гинеколог-дәрігер Жадыра Сәдуақасовапалатада орын жоқ деп қайтарып жіберген. Ауырып болмаған соң қайта бардық. Келінім 16-17 сағат толғатып әбден әлсізденсе де, дәрігерлер кабинеттерінде шай ішіп отыра берген. Көмектесіп, демеу болудың орнына «күйеуіңмен жатқанды білесің, тууды білмейсің бе» деп тілдеген. Телефонын алып алған, бізбен сөйлестірмеді. Таңғы сағат тоғыздан түнгі екіге дейін толғатып босана алмаған келінімді операцияға әкетпек болып арбаға салған. Арбамен сүйреп бара жатқанда келінімді құлатып алған, цемент еденге келінім жамбасымен құлаған. Түнгі сағат үште кесір тілігіне кіргізгенде қан көп кетіп қалған. Тоты деген дәрігер отаны дұрыс жасай алмай, содан бірден жатырын алып тастаған. Құятын қанды таңға жуық Қызылордадан алдырды. Ал есік алдында күзетіп тұрған бізге келіндерің жақсы, отадан соң жансақтау бөлімінде бақылуда деп алдады. Сөйтсек жатырын алғанда көп қан кетіп қалған. Тұңғышы гематомамен туды. Бұл үлкен келінім енді ешқашан балалы бола алмайды. Жамбасы әлі қақсайды. Ал кіші келінім сәуірдің 24 күні іші ауырып жедел жәрдеммен жеткенде, акушер үйге қайтарып жіберген. Арада екі күн өткенде аурханаға қайта барды. Іші тартып болмаған соң дәрігер тексерген. Ақыры ауруханада бес айлық баласына түсік тастады. Бұл Қармақшының дәрігерлеріне сенуден қалдық, жауапсыз, мәдениетсіз, қаншама жас ананың обалына қалып жатыр», - деді Жосалы кентінің тұрғыны Аида Сырымбетова.

Ал есін жимаған күйі ауруханада қайтыс болған марқүм Аманжоловаға қатысты іс сараптама қортындысынан соң белгілі болады. Туыстары іс жабылып, жауапсыз дәрігерлер жазасыз қалады деп күдіктеніп отыр. Естерін әлі жинай алмаған туыстары сотқа жүгінбек. Марқұмның артында 12 және 8 жастағы ұл-қызы, бір айға да толмаған сәбиі қалды.

Әмірболат Құсайынұлы, Қызылорда облысы




Көрілген: 1215    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 16:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30