Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Аялдамада тұрған адамды аңдамай өлтірді

26 қаңтар 2011, 10:41

Жол қауіпсіздігі ережесін өрескел бұзып, бір отбасына қайғы жұтқызған 24 жастағы жігіт төрт жылға бас бостан­ды­ғынан айырылды. Өткен жыл­дың тамыз айында бол­ған ірі жол-көлік апатына қатысты істі тергеу жуырда толығымен аяқталды.
Бұл қайғылы оқиға 2010 жылғы та­мыз­дың 3-і күні тапа-тал түсте болған еді. «Мерседес Бенц» көлігі Шаңырақ-2 ық­шам­ауданындағы Жанқожа батыр кө­ше­сін­де жүйткіп келе жатып, жолындағы «Ми­цубиси Паджеро» көлігін және тағы бір машинаны қағып, артынша өзі де ауда­ры­лады. Жөніне аударылып қоймай, аял­да­мада екі баласымен қаннен-қаперсіз тұрған әйелді жаншып кетті. Бұл сұмдықты көргендердің әлі күнге дейін жаны түр­ші­геді. Төтенше оқиғаның салда­ры­нан әйел лезде жан тапсырып, оның екі ба­ласы періштелері сақтап аман қалды. Бірақ бас сүйегі мен миына, басқа да дене мүше­ле­ріне қатты зақым келген олар әлі емделіп жатыр. Тергеу анықтағандай, 1986 жылғы Сәкиев сол күні ағасының көлі­гін рұқсатсыз мініп кетіп, осындай жа­ма­натқа ұшыраған. Құқық қорғау орган­дары өкілдерінің мәліметінше, ол көлікті куәліксіз жүргізген әрі жылдамдықты ша­ма­дан тыс асырған. Сәкиевтің үстінен Қыл­мыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі бойынша қыл­мыс­тық іс қозғалып, Алатау аудандық сотының үкімімен ол айып­ты деп танылды. Қылмыс жасаған аза­маттың отбасы жағдайы мен бұрын сот­тал­ма­ғандығы ескеріліп, оған төрт жылға бас бостандығынан айыру жә­не көлік жүргізу құқынан үш жылға айыру жа­за­сы кесілді.