Әйел баласын iPhone-ның көмегімен құтқарып қалған

02 мамыр 2022, 18:48

Америкадағы Атланта қаласының тұрғыны Джеррика Мур iPhone-ның көмегімен полицияға ұрланған көлігін табуда көмектескен. Ұрланған көлікте әйелдің ұлы да болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап. 

Әйел тұраққа келген соң, кілтті көлікте қалдырып кетіп қалған. Осы сәтте көлікті ұлы болған. Мұны пайдаланған ұры көлікті мініп кеткен. 

"Полицейлер оқиға орнына бірден келіп, тергеу бастады. Мур ұлының телефонын iPhone-дағы My Location қосымшасы арқылы анықтап, полиция қызметкерлеріне ұсынды. Ақпарат ұрланған көлікті табуда үлкен көмегін тигізді", – деді полицейлер. 

Күдікті оқиға орнынан жасырынып қалғысы келгенімен, көпке ұзай қоймаған. Ер адам қамауға алынды. Көлікте отырған бала зардап шеккен жоқ. 

"Баланы құтқаруда және күдіктіні ұстауға қатысқан барлық азаматқа рахмет айтамыз. Анасымен баласының қайта қауұшқанына қуаныштымыз. Сонымен қатар көлікте баланы қалдырмауға, бағалы заттарды бірге алып кетуге кеңес береміз", – делінген полиция хабарламасында.