Ел жаңалықтары

«Әйелдер мен депутаттар әскери жиынға шақырылмайды», - Нұрлан Ермекбаев

  • «Әйелдер мен депутаттар әскери жиынға шақырылмайды», - Нұрлан Ермекбаев

    «Әйелдер мен депутаттар әскери жиынға шақырылмайды», - Нұрлан Ермекбаев

Ал әскери шақыруға келмегендер әкімшілік жауапқа тартылатын болды.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев президенттің әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы жарлығын түсіндіргенде, оған кімдердің шақырылмайтынын да қадап айтқан еді. Қазір карантинде жатып, біраз ақпараттан құр қалғандар үшін министр меңзеген «борышын өтеуге» міндеттілерді еске сала кетпекпіз, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жиындарға барғандардың жұмысы сақталады. Жұмыста қанша айлық алса, әскери арнаулы жиында да сонша ақша алады. Мысалы, 200 мың айлық алса, әскери арнаулы жиында да сол айлықты алатын болады. Егер жұмысы жоқ болса, орташа айлық алады», - деп сөзін «алады-аладымен» бастаған Қорғаныс министрі, арнаулы жиындарға әскери тіркеуде тұрғандар мен денсаулығы жарайтын азаматтардың бәрі шақырылатынын ескертті.

Бірақ, бұл жерде ол «денсаулығы жарайтын азаматтар» деп тұр. Адамның басын емес, жасын да ескергендері ғой. 

«Мемлекеттік қызметтің қорғаныс саласында істейтіндер, педогогтар, авиация қызметкерлері, әскери оқуда жүргендер, үштен көп баласы барлар, жасы үлкендер, әйелдер мен депутаттар әскери жиынға шақырылмайды», - деді Нұрлан Ермекбаев.

Ал әскери шақыруға келмегендер әкімшілік жауапқа тартылатын болды.

 




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.04.2020, 08:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31