Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әйелін қызғанған Атырау тұрғыны қайын жұртының үйіне жасырын камера орнатқан

19 қазан 2021, 12:01

36 жастағы Атырау тұрғыны өзінің жуынатын бөлмесінде бейнебақылау камерасы орнатылғанын айтып, полицияға шағым түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

тырау қаласының полиция департаментінің мәліметінше, бұл іске күдікті әпкесінің күйеуі болып шықты. 

 
“Ол әйелін әпкесінің үйіне келгіштеп кеткен сіңлісінен қызғанған. Сөйтіп, жәбірленушінің жуынатын бөлмесіне камера орнатып, оны қалта қуаттағышына қосып қойған”, – деп мәлімдеді полиция.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 147 бабы (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.