Ел жаңалықтары

Әйеліне күш қолданатындар енді айыппұл төлемейтін болды

  • Әйеліне күш қолданатындар енді айыппұл төлемейтін болды

    Әйеліне күш қолданатындар енді айыппұл төлемейтін болды

Заңды қатайту керек. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа барғандарға тек ескерту жарияланып, еш шара қолданылмайтыны қоғам белсенділерінің келіспеушілігін тудырып, түрлі пікірлер қалыптастырып жатыр.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Отбасындағы ұр да жық әрекеттер жазасыз қалмау керек деген азаматтардың сөзіне бүгін құзырлы органдар жауап берді. Заңның бұлай өзгеруіне де себеп бар болып шықты. Тіпті осы арқылы үйінде "батырсынатындардың" бәрі енді қатаң түрде тіркеуге алынып, полицияның уысынан құтылып кете алмайды екен.

"19 жылда өкпе-ренішімді жинап-жинап, барлығы ауру болып шықты деп ойлаймын".

Жүзін көрсетпеуді өтінген елорда тұрғыны бір айдан астам уақыттан бері дағдарыс орталығында тұрып жатыр. Күйеуінің таяғына 19 жылдан бері көніп келіпті. Ақыры инсульт алып, 6 ай бойы аурухана табалдырығын тоздырған.

"Мен өзім ойладым, мен жас болдым. Менің қателіктерім шығар деп балалар үшін шыдап келдім. Басымнан көп ұрды. Күнделікті басым ауырып жүрді. Сөйтіп 1 ай өткеннен кейін желтоқсанда құладым. Инсульт алдым", - дед ол.

Астанадағы дағдарыс орталығына 2020 жылдың басынан бері, небәрі 13 күнде 8 адам келіп түскен. Олардың барлығы да тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары. Мамандардың сөзінше, орталыққа көмек сұрап келушілердің саны жылдан-жылға артып келеді.

"Ашылған жылы біз 9 адам қабылдағанбыз. Осы 2019 жылы бізде 278 адамның ішінен 86-сы әйел болды. Осы 7 жылда қаншама өсті деген сөз. Бізде тек қана күйеуінен емес, өзінің ата-анасынан, баласынан, ағасынан, әпкесінен зәбір көріп келген кісілер болған", - деді әлеуметтік қызмет маманы Светлана Жолдасова.

2019 жылдың соңында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қарастыратын заңға өзгерістер енгізілді. Заң негізінде былапыт сөйлеу, қорлау, кемсіту және отбасындағы ұрып-соғу үшін әкімшілік жаза түрлері өзгертілген. Алайда қоғам белсенділері әлеуметтік желілерде аталған түзетулерге наразылық білдіруде. Себебі, заңға сәйкес денсаулыққа зиян келтіргені үшін үй тирандары енді айыппұл төлемейді. Бастапқыда жай ғана ескерту жасалады.

"Барлығының көңілі қалды. Сөйтсек, бұл өзгерістерді ақыры комиссия қабылдаған екен. Үкіметтік емес ұйымдардың пікірін жинауды ойластырып отырмыз. Барлық пікірлерді жинап, депуттатардың пікірін, менің ойымша алдымен, зорлық-зомбылық құрбандарының пікірін жинау керек. Сосын біз тағы да жұмыстар жасаймыз. Жұмыс тобын құру қажет деп ойлаймын", - деді "Не молчи" қозғалысының басшысы Дина Смаилова.

Ал ішкі істер министрлігінің өкілі жаза керісінше күшейтілген деп отыр. Енді тұрмыстық әлімжеттікке қатысты фактілер бойынша барлық істерді полиция сотқа жібереді.

"Отбасылық-тұрмыстық қатынастар бойынша барлық істер сотқа жолданып, сотта ғана нүкте қойылады. Түзетулер енгізілгенге дейін әкімшілік істер кез келген сатыда, тіпті учаскелік инспекторлар деңгейінде тоқтатылып келген. Қазір мұның бәрі сотқа жетеді. Татуластыру рәсімдері бойынша, қазір құқық бұзушы бірінші кезекте келтірілген зиянның орнын толтыруы керек. Сондай-ақ, медиация рәсімінен өту қажет. Тек осыдан кейін ғана сот тараптардың татуласу мүмкіндігін қарауға құқылы", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқармасының басшысы Алексе Милюк.

Дағдарыс орталығының мамандары "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" заңнамаға енгізілген өзгерістерді қолдап отыр. Себебі былтыр тұрмыстық зорлық құрбандарының 4 пайызы отбасыларына қайта оралып, отағасына жазылған айыппұлды өздері төлеуге мәжбүр болған.

 




Көрілген: 202    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.01.2020, 21:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29