Айгүл Әділова "Хабар 24" телеарнасының директоры болып тағайындалды

03 мамыр 2022, 18:25

Айгүл Әділова "Хабар 24" телеарнасының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәлиге сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

"Хабар 24" телеарнасының директоры болып белгілі тележурналист, тәжірибелі, білікті маман Айгүл Әділова тағайындалды", - деп жазды ол Facebook парақшасында.

 

Берік Уәли Әділованың осыған дейін "Еуразия" бірінші арнасында тілші, сараптамалық бағдарламалар редакторы, бірқатар тележобалардың жетекшісі болғанын, "Хабар" агенттігінде еңбек етіп келе жатқанына 7 жылдан асқанын, тілші, редактор, жүргізуші болып, жаңалықтар және сараптамалық хабарларға жетекшілік еткенін, БАҚ саласындағы бірнеше республикалық байқаудың жеңімпазы екенін айтты.