Ел жаңалықтары

Әйтенов құлағалы тұрған бес емхананың мәселесі қалай шешілетінін түсіндірді

  • Әйтенов құлағалы тұрған бес емхананың мәселесі қалай шешілетінін түсіндірді

    Әйтенов құлағалы тұрған бес емхананың мәселесі қалай шешілетінін түсіндірді

Шымкент әкімінің айтуынша, қазіргі кезде емхана жерін инвесторларға беру нұсқасы да қарастырылып жатыр
Шымкентте бес медицина нысаны апатты жағдайда тұр. 2021 жылы оның бәрі бұзылып, орнына жаңа емхана салынады. Бұл туралы Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов халыққа есеп беру кезінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2024 жылға дейін емхана, ауруханаға қатысты мәселелер толық шешіледі. Біздің қалада жалпы 5 емхана апатты жағдайда тұр. Соған байланысты жоспар жасап жатырмыз. Оның бәрін күрделі жөндеуден өткізуге мүмкіндік жоқ. Себебі бәрі тозған. Сол себепті бәрін бұзып, жаңадан салу үшін құжаттар дайындап жатырмыз", &ndash деді Әйтенов.
Айтуынша, емхана жерін инвесторларға беру нұсқасы да қарастырылған.

"Инвесторлар келіп жатыр. Егер олар өз қаражатына емхана салып, тұрғындарды қамтамасыз етеміз десе, емхананың жерін беруге болады", &ndash деді қала әкімі.

Айтуынша, 2020 жылы Шымкентте жеті денсаулық нысаны күрделі жөндеуден өтті. Биыл 6 нысанды жөндеуден өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар 2020 жылы Шымкентте 31 455 сәби дүниеге келді. Қалада төрт перзентхана бар. Қазір екі перзентханада күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Орын тапшылығына байланысты №1 аурухананың жанынан бесінші перзентхананы ашу жоспарланған.
 




Көрілген: 352    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 15:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30