Айықпас дертке шалдыққан: Арон Атабек бостандыққа шықты

01 қазан 2021, 16:00

Шаңырақ оқиғасына байланысты 15 жыл түрмеде отырған белсенді Арон Атабек бостандыққа шығады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Павлодар қалалық №2 соты Арон Атабектің денсаулығына байланысты жазасын жеңілдету жөнінде өтінішті орындады.

 Дәрігерлер Арон Атабектің дауасы жоқ сырқатқа (омыртқааралық дискісінің зақымдалуы) ұшырағанын анықтаған.

"Заңда баяндалған мән-жайлар мен процесске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды. Сот шешімімен келіспеген жағдайда сотталған тұлға және процестің басқа қатысушылары апелляциялық сот сатысына шағым түсіруіне құқығы бар", — делінген сот хабарламасында.

Арон Атабек 2006 жылғы Алматыдағы "Шаңырақ" оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізген. Бір апта бұрын оның ауруханаға түскені туралы ақпарат тараған.

Stan.kz