Ел жаңалықтары

"Айыппұл, түрме, телефон қоңырауларына тыйым салу": Әлемде вакцина екпегендерді қалай жазалап жатыр

  • "Айыппұл, түрме, телефон қоңырауларына тыйым салу": Әлемде вакцина екпегендерді қалай жазалап жатыр

Ресейде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны рекорд орнатты. Өткен тәулікте елде 12 505 жаңа науқас тіркелген. Дәрігерлер халықты тезірек вакцина салуға көндіруде, бірақ олардың көбі әрекетсіздік танытып жатыр. Ресейліктер ғана емес әлемнің басқа да елдерінде қандай да бір себептермен  вакцина алуға асықпайтындар бар. Олар үшін жаңа ынталандыру түрлері пайда болады. Ал қырсыққандар үшін жаза қолданылады.  Әлемнің түкпір-түкпірінде вакцина алмаған азаматтарға қандай шаралар қолданылып жатқаны жайлы Stan.kz ақпарат агенттігі Комсомольская правда басылымына сілтеме беріп хабарлайды.
 
Таиландтың бір бөлігі болып есептелетін Бурирам провинциясында губернатордың жарлығымен вакцинациядан бас тарту қылмыстық іс деп жарияланды, ол үшін екі жылға дейін түрмеге қамалуға, 1 800 доллар айыппұл алуға болады. Бұл жаза барлық адамға бірдей қатысты емес, тек "жұқтыру қауіпі жоғары адамдарға" ғана қатысты. Адамның қауіп-қатер тобына кіретінін не кірмейтінін тексеру үшін провинцияның барлық тұрғындары жергілікті денсаулық сақтау органдарына талдау жасаған арнайы сауалнамаларды толтырады.

Үндістанның Пенджаб штатында вакцинацияның қарқыны жоспарланғаннан 8 есе төмен болған. Билік 12 маусымнан бастап вакцина алмағандардың SIM-карталарын бұғаттайды деп мәлімдеді. Сонда олар телефоннан қоңырау шала алмайды, мобильді интернетке де қосыла алмайды. Ал вакцина еккендерге арнайы жеңілдіктер бар, мейрамханалар мен кинотеатрларға баруға, ең бастысы – үйленуге қатысты рәсімдерді ұйымдастыруға мүмкіндік берілетін болыпты.

Қытайда вакцинаны ерікті түрде салғызғандарды түрлі купон, тауарлармен ынталандыруда. Соның ішінде тұрмыстық химия, супермаркеттерде сауда жасауға жеңілдіктер бар. 60 жастан асқан азаматтарға тегін жұмырта беріледі екен.

Ал Азия елдері өз азаматтарын вакцинациялауға мәжбүрлі түрде әсер етуде. Индонезияда вакцинациядан бас тартқаны үшін айыппұл 355 долларды құрайды, ал Бали курорттық аралының тұрғындары осы үшін түрмеде бір жылға қамалуы мүмкін.

Еуропада елдерінің өзі де азаматтарды вакцинациялауға "ынталандыратын" мәжбүрлеу нормалары бар. Мысалы, Чехияда балаларды вакцина салынбайынша балабақшаларға қабылдамайды. Ата-аналар бұл талапқа қарсы шығуға тырысса да, адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот балаларды міндетті түрде вакцинациялауды "демократиялық қоғамда қажет" деп санайтынын айтып наразылықтарын қабылдамай, қарсы шыққан.

АҚШ-та тұрғындарды марихуанна, тамақ, лотерелармен қызықтыруда. Вашингтон, Кентукки, Мериленд штаттарында вакцина еккендер миллиондарға бағаланатын сыйлықтар сыйлайтын лотерея билеттеріне ие болады. Кейбір адамдарға, соның ішінде 18 жастан асқандарға марихуанна тегін беріледі.

Израильде парлемент қабылдаған заңға сәйкес, вакцинадан бас тартқандар "қара тізімге" енеді. Жергілікті органдар олардың аты-жөнін, мекенжайын, телефонын ала алады. 

Осындай шаралардың көбеюіне қарамастан, олардың есебінен қанша адам вакцина салдыратыны, қаншалықты тиімді екені белгісіз. 




Көрілген: 555    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 15:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31