Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Аз қамтылған отбасыға теледидар мен шкаф сыйлаған шенділер сынға қалды

04 тамыз 2022, 20:00

Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыға теледидар мен оны қоюға арналған аласа шкафты сыйға берген. Алайда мұндай сыйлық желі қолданушыларының ашуын тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желідегі жазбада Явленка ауылында тұратын және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыға көмек көрсетілгені туралы айтылған. 

"Отбасыда теледидар алатын мүмкіндік болмаған, сондықтан оларға шкаф пен теледидар пайдалану үшін берілді", - делінген Есіл аудандық жұмыспен қамту орталығы және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Facebook-тегі парақшасында. 

Жазбаға қатысты Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова да пікір білдірді. 

"Бұл расымен фейк емес пе? Бұл шынымен бе? 2000-жылдар емес, қазір ме? Расымен бұл балалар жылы ма? Мұны қазіргі уақытта қалай атарымды да білмеймін", – деп жазды Ирина Смирнова. 

Желі қолданушыларының жазбаның астында пікір қалдырып, шенділердің әрекетін сынға алды. 

"Мұндай теледидарды қайдан алған? "Поле чудес бағдарламасының қоймасынан ба?", "Сұмдық! Есеп үшін фотоға түсіруді ұмытпапты", "Мұндай теледидар 3 000 теңге тұрады", "Ұят", – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.