Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Азаматтар Pfizer вакцинасының екі дозасын ақылы түрде ала алады – Цой

15 желтоқсан 2021, 01:31

Оның айтуынша, вакцинациядан өткендерге ДДСҰ мен Денсаулық сақтау министрлігі дәрінің бір дозасын ғана алуды ұсынады.

Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасы келгенде, азаматтар ревакцинация үшін бір дозаны, вакцинация үшін екі дозаны сатып ала алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мүмкіндік болады. Ақылы вакциналар жеткізілгенде, тұрғынның шешімі бойынша, бір немесе екі доза вакцина алуына мүмкіндік береміз", - деді Цой Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, вакцинациядан өткендерге ДДСҰ мен Денсаулық сақтау министрлігі дәрінің бір дозасын ғана алуды ұсынады.

"Ол әр адамның шешіміне байланысты. Қазір Денсаулық сақтау министрлігінің талаптары мен халықаралық ұсынымдар аясында ревакцинация үшін вакцинаның бір дозасын алу ұсынылады. Азаматтар қаласа,(толық курсты алуды - ескерт.) өз қалауы бойынша", - деді Алексей Цой.

Екі жағдайда да вакцинация төлқұжатында адамның Pfizer вакцинасының бір немесе екі дозасын алғаны көрсетіледі.