Ел жаңалықтары

Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадр резервін жасақтайды

  • Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадр резервін жасақтайды

    Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадр резервін жасақтайды

  Бұл туралы фейсбук парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов хабарлады. Дарындылар пулына (кадр резервіне) қатысуға өтініштерді қабылдау 2021 жылғы 1 наурызда басталады. 

    «Министр Бағдат Мусин өз парақшасында кадрлық резерв туралы айтқан болатын. Біз дарындылар пулын болашақта кәсіпқой мамандардан құралған мықты команда жасақтауды жоспарлап отырмыз. Оған тек біздің қызметкерлер ғана емес, кез келген азамат қатысып, өтінім бере алады», &ndash деп жазды Әділ Қожықов.
    Жобаға жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қатыса алады. Үміткерлер үшін ғылыми дәреженің болуы резервке алу барысында артықшылық болып есептеледі. Тіркеу және онлайн іріктеу talent.gov4c.kz сайтында 1 наурыздан бастап жүргізіледі. 
    Жобаға қатысушылар іріктеудің үш кезеңінен өтеді. Алғашқы екеуінде үміткерлер логикалық тестілеу мен ҚР заңдарының білімі бойынша тест тапсырады. Қорытынды кезеңде мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінен, HR сарапшыларынан және мемлекеттік корпорацияның басқарма мүшелерінен тұратын сарапшы кеңеспен әңгімелесу өтеді. Жоғары балл жинаған және әңгімелесу кезеңінен өткен үміткерлер кейіннен тиісті бос лауазымдарға тағайындау мақсатында кадр резервіне алынады.




Көрілген: 285    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 11:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30