Ел жаңалықтары

Азаматтарға арналған үкіметтің «Дарындылар пулына» өтінімдерді қабылдау басталды

  • Азаматтарға арналған үкіметтің «Дарындылар пулына» өтінімдерді қабылдау басталды

    Азаматтарға арналған үкіметтің «Дарындылар пулына» өтінімдерді қабылдау басталды

Кадр резервіне өтініш бергісі келетін үміткерлерге talent.gov4c.kz сайтында тіркеуден өту қажет. Өтінім беру кезінде жүйеде жеке деректерді толтырып, өңірді, жұмыс істейтін/жұмыс істеген ұйымның атауын, лауазымды және қызмет бағытын көрсету қажет.

Сонымен қатар тіркеу барысында білімі, жұмыс өтілі, байланыс телефоны және электрондық пошта туралы мәлімет толтырылады. Сондай-ақ үміткер жеке куәлігінің, дипломының, сертификаттарының және ұсынымхаттарының (кемінде үш)  көшірмелерін тіркеуі керек. Тіркеу рәсімінен кейін көрсетілген поштаға растау-хат жіберіледі, хатта көрсетілген сілтеме бойынша өткен соң, үміткер пайдаланушы келісіміне ЭЦҚ-кілтпен қол қоюы шарт.

«Онлайн өтініш беру платформасы түсінікті әрі ыңғайлы. Жобаға тіркелген тұлғалар жеке кабинетінде ақпаратты толықтырып, іріктеудің кезеңдері мен нәтижелерін көре алады. Бұл кандидаттарды іріктеу процесінің толық ашықтығын дәлелдейді. Өтінімдерді қабылдау 10 наурызға дейін жалғасады», – дейді мемлекеттік корпорацияның төрағасы Әділ Қожықов.
Үміткерлер 3 кезеңнен тұратын іріктеуден өтеді. Тестілеу кезеңдерін сәтті тапсырғандар мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінен, HR сарапшыларынан және Мемлекеттік корпорацияның Басқарма мүшелерінен тұратын сараптама комиссиясының мүшелерімен әңгімелесуден өтеді. Қорытындысында жоғары нәтиже көрсеткен үміткерлер тиісті бос лауазымдарға тағайындау мақсатында кадр резервіне алынады.




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 18:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30