Ел жаңалықтары

БАӘ-де төрт жарым күндік жұмыс кестесі енгізілмек

  • БАӘ-де төрт жарым күндік жұмыс кестесі енгізілмек

    БАӘ-де төрт жарым күндік жұмыс кестесі енгізілмек

Біріккен Араб Әмірліктері 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап батыстың жұмыс кестесіне ауыспақ. Енді бұл ел тұрғындары аптасына 4,5 күн жұмыс істейді. Яғни келер жылы, арабиялықтар сенбі, жексенбі мен жұманың жартысында демалады. Бұған дейін демалыс тек жұма мен сенбі күндеріне сәйкес келетін. Осылайша Дубай батыстағы экономикалық серіктестерімен бір уақытта жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі bbc.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жұма - исламдағы қасиетті күн, сондықтан Парсы шығанағындағы және араб елдерінің басым бөлігінде демалыс күндері жұма мен сенбі немесе бейсенбі мен жұмаға сәйкес келеді. 

БАӘ демалыс күндерін сенбі мен жексенбіге ауыстырған Парсы шығанағындағы алғашқы мемлекет болды.

Дегенмен, ел халқы жұманың жарты күнінде демала алады. Бұл күні мемлекеттік компаниялар 12:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің намаз оқуына мүмкіндік беру үшін жасалып отыр. 

Ислам заңдарына сәйкес, жұма намазы кезінде жұмыс істеу тыйым салынған. Бірақ жұма намазына дейін және кейін дұға етуге болады. 

Сондай-ақ, БАӘ аптасына 4,5 күн жұмыс істейтін әлемдегі алғашқы ел болып тіркелді. Бұл ереже тек мемлекеттік қызметкерлерге қатысты. Ел билігі жеке меншік секторына қатысты мәлімдеме жасамады. 




Көрілген: 391    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.12.2021, 10:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 01:51
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31