Ел жаңалықтары

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға видеоүндеу жасады

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сағынтаев Алматы әкімі қызметіне кірісе отырып, қала түрғындары алдындағы зор жауапкершілігін сезінетінін айтты.


"Құрметті алматылықтар! (...) Алматы - әрқайсымыздың жүрегімізден ерекше орын алған қала. Алматыға деген әр қазақстандықтың ықыласы ерекше. Бұл қала - менің жастығымның, кәсіби кемелденуімнің куәсі. Менің басты мақсатым - Алматыны әр тұрғын берекелі өмір сүретін қауіпсіз, қолайлы, заманға сай мегаполиске айналдыру. Қаланың проблемалары мен даму стратегияларын сіздермен ашық талқылағым келеді. Сіздермен тікелей байланыс орнату үшін Facebook, Twitter, Instagram желілерінде тіркелдім. Ақылдаса отырып, бірге жұмыс істейік!", - деді Алматы әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.



Еске салайық, 28 маусымда Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Оған дейін Сағынтаев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінде болған еді. Ол әкімшілік басшысы қызметін 2019 жылдың 24 наурызынан бастап атқарды.


 




Көрілген: 484    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.07.2019, 10:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31