Ел жаңалықтары

Бақытжан Сағынтаев су басқан аймақтың тұрғындарымен кездесті

  • Бақытжан Сағынтаев су басқан аймақтың тұрғындарымен кездесті

    Бақытжан Сағынтаев су басқан аймақтың тұрғындарымен кездесті

 Шаһар әкімі оқиға орынында жүр екен. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қарғалы өзенінің басындағы көлде атқарылған жұмыстар жайында айтып берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.


Жаздай жұмыстар атқарылды. Көлдің басында экскаваторлар жұмыс істеді. Олар жаздай жерді қазып суды жіберіп отырған.77 мың текше метр суды 26 мың текше метрге дейін түсірген.Соның арқасында қазір су аз келді. Енді, қазір жоғары жақтан хабар беріп жатыр, көлден аққан су тоқтады.Өзінің қарқынымен ағып келеді. Мына бөгетке дейін 22 шақырым, су өзен арнасымен ағады деп ойлаймыз. Ешқандай қауіп жоқ. Сумен ешқандай тас ағып келе жатқан жоқ. Жәй ағынды лай су келіп жатыр. Судың көлемі қалыпты жағдайда. Қазір мамандар тікұшақпен жоғары жақтан тағы да көріп шығады. Тұрғындар үшін ауыз су мәселесі де шешіледі. Қаладан тасымалдайтын болады. Алматы су мекемесінің басшысы да осында. Қазір 30 су таситын көлік белгіленді. Су құбырлары жөнделеді. Наурызбай ауданының халқымен кездесуге бара жатырмын. Сол кісілерге өзім барып мән-жайды түсіндіремін. Қажет болса осында қайтып келемін. Қарқынды су екі сағатта бәсендейді»,- деді Бақытжан Сағынтаев.


qamshy.kz




Көрілген: 306    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.08.2019, 12:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 18:51
    Петропавлға қар жауды
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31