Ел жаңалықтары

Балабақшада ағылшын тілі оқытылмайды

  • Балабақшада ағылшын тілі оқытылмайды

    Балабақшада ағылшын тілі оқытылмайды

Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшада ағылшын тілін оқытпау жөнінде мәлім етті, - деп хабарлайды qamshy.kz.


«Мектеп дейінгі білім беру бағдарламасынан ағылшын тілін оқытуды алып тастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тәрбишілердің еңбекақысын көтеру ескерілген», – деді А. Аймағамбетов Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдардағы бағдарламаның іске асырылуын талқылау барысында.


Министрлік мәліметіне сүйенсек, Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде елдегі мектепке дейінгі ұйымдар желісі балабақшалар салу, жеке балабақшалар, шағын орталықтар ашу және басқа да енгізу тәсілдері есебінен 1839 бірлікке, ал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 13,6 пайызға артты. Барлығы 10 673 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде балабақшалар – 6 470, шағын орталықтар – 4 203. Контингент 775 164 адамды құрайды (2015 ж. – 758 772 адам).


Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың басымдығы мемлекеттік-жекешелік әріптестікке негізделген. Соңғы жылдары білім беру саласына бизнесті тарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Елдегі мектепке дейінгі ұйымдардың 38,2 пайызы (4082) жеке меншік болып отыр, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 18,1 пайызға (20,1%) артық.


 




Көрілген: 201    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.10.2019, 15:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30