Ел жаңалықтары

Балабақшада құлап кеткен қызды терезеге тәрбиешінің өзі шығарған – видео

  • Балабақшада құлап кеткен қызды терезеге тәрбиешінің өзі шығарған – видео

    Балабақшада құлап кеткен қызды терезеге тәрбиешінің өзі шығарған – видео

 Полиция Талдықорғандағы оқыс оқиғаның себебін анықтап жатыр. Талдықорғанда балабақшаның екінші қабатынан құлап кеткен қызға қатысты тың деректер шықты. Желіде видеобақылау камерасының жазбасы жарияланды.


Видеода "Қарлығаш" балабақшасының қызметкері қызды көтеріп, ашық тұрған терезенің алдындағы тақтайға тұрғызады. Тәрбиеші оның жанына тағы бір баланы алып келеді. Олар терезенің алдына сыймай, бірін-бірі итере бастайды да, қыз москит торына сүйенеді. Тор салмақты көтере алмай, баламен бірге сыртқа түсіп кетеді.


Екі сәби мен бір бойжеткен көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті


Ғимараттың сыртындағы камерадан түсірілген тағы бір жазбада қыздың екінші қабаттан құлаған сәті көрінеді.


Кеше Талдықорған полициясының өкілдері баланың құлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қыз облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр.


 


 




Көрілген: 191    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.05.2019, 11:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31