Ел жаңалықтары

Балаева журналистермен этносаяси сауаттылықты дамыту қажеттілігін талқылады

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

БАҚ өкілдеріне арналған "Этносаяси сауаттылықты арттыру" семинарының пленарлық отырысына Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қатысты.

 

Семинар 9 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өтті, ұйымдастырушысы ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты болды.

 

Министр қатысушыларға арнаған алғашқы сөзінде мемлекеттің салиқалы саясаттың арқасында әлемде Қазақстанды бейбітшілігі мен келісімі бар ел ретінде танитындығын атап өтті.

 

Қазақстан халқының бірлігін, елдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету биліктің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік саясаттың басымдығы болып қала береді, - деп атап өтті Аида Балаева.

 

Сонымен қатар ол этносаралық сала проблемаларын саясиландыру әрекеттері байқалып отырғанын атап өтті.

 

Ол семинар қатысушыларының назарын Қазақстандағы этносаралық қатынастардың үйлесімді дамуына БАҚ-та этносаралық салаға байланысты оқиғаларды жөнді жариялау үлкен ықпал ететініне аударды.

 

БАҚ өкілдерімен ашық пікір алмасу барысында министр ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша бірқатар сұрақтарға жауап берді.

 

Министр этносаралық қатынастарды дамыту саласында журналистердің арнайы пулын құруды ұсынды

 

Әрбір БАҚ-та этносаралық саланы баяндайтын журналистті анықтау қажет, - деді ол.

 

Ол Министрліктің ақпарат беруде олармен тұрақты өзара іс-қимыл жасауға, оқыту жүргізуге дайындығын білдірді.

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 514    Пікірлер: 0

сенбі, 10.04.2021, 12:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31