Ел жаңалықтары

Балаға дөрекілік танытқан ақтаулық дәрігер видеоүндеу жолдады (видео)

  • Балаға дөрекілік танытқан ақтаулық дәрігер видеоүндеу жолдады (видео)

    Балаға дөрекілік танытқан ақтаулық дәрігер видеоүндеу жолдады (видео)


Ақтауда тісін емдетуге келген кішкентай балаға дөрекілік танытқан дәрігер балақайдың отбасы мүшелерінен кешірім сұрап, видеоүндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


 

 

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте


Видеода стоматолог өз кінәсін толық мойындап, баланың анасынан кешірім сұрағанын жеткізді.


"Кеше болған жағдайға байланысты өз кінәмді мойындаймын. Кеше және бүгін баланың анасына барып кешірім сұрадым, алда да кешірім сұраймын. Халықтан кешірім сұраймын", – дейді ол.

Жас дәрігер сондай-ақ оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.


"Осы жағдай туралы менің де айтып кететін жайттарым бар. Шамамен 10:30-да анасы төрт баласымен облыстық стоматологияға келді. Ол есікті қағып, баласының мүгедек екенін айтып, кезектен тыс қабылдауымды сұрады.
Мен бірден келістім. Қабылдау барысында бірінші баланы отырғыза алмадым. Сосын қарындасының екі тісін жұлып бердім, барлығы жақсы өтті. Баланы отырғыза алмағандықтан, анасына кішкене дайындаңыз деп, кабинеттен шығарып жіберген болатынмен. Екінші рет алып кіргенде бала тағы да бой бермей, анасын айтқанын тыңдаған жоқ, бала өте қорқып келді. Біз отырғыза алмадық.
Тағы отырғыза алмаған соң анасына қайта беруін баласының отырмайтынын, өте қиын екенін айттым. Алайда, ол төрт баламен арнайы осы баланың тісін жұлдыртуға келгенін, қалай да тісін жұлдыратынын айтты. Баланы дайындау үшін қайтадан сыртқа шығып кетті.
Үшінші рет сағат 12:30-да кірді, сол кезде осы жағдай орын алды. Бұл жағдайда баланы өте қатты шектен тыс жұлқығаным көрініп тұр. Бірақ мен баланы ұрған жоқпын. Тек кішкене қорқытып, отырғызып тісін жұлып берейін деген оймен ғана жасалған болатын. Еш адамға жамандық ойламаймын, тек жақсылық ойлаймын. Шын ниетіммен барлығыңыздан кешірім сұраймын", – дейді стоматолог.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын желіде кішкентай балаға қатыгездік танытқан дәрігердің видеосы тарап кетті. Бейнежазбада медицина қызметкері бүлдіршінді жұлқылап жатқанын көруге болады.



 


 


 



 





Көрілген: 1132    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.11.2019, 11:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30