Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Балаға ұқсайтын 27 жастағы ер адам жұмыс алмай жүргенін айтып шағымданды

07 тамыз 2022, 19:15

Қытайда балаға ұқсайтын 27 жастағы ер адам әлеуметтік желілерде сыртқы келбетіне байланысты жұмыс таба алмай жүргенін айтып, шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Times Now басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Гуандун провинциясының тұрғыны Мао Шэннің жұмыс берушілердің оны ересек адам ретінде қабылдамайтынын айтқан видеосы желіге таралды.  Оның айтуынша, ер адам бастапқыда досымен бірге жұмыс іздеген. Жолдасы бірден жұмысқа тұрып кетсе, ал Шэнді ешкім қызметке алмай қойған. 

Оның видеоларының бірінде көрсетілген құжаттарға сәйкес, азамат 1995 жылы дүниеге келген. Осыған қарамастан, кейбір жұмыс берушілер оның шынымен 27 жаста екеніне сенбейтін көрінеді. Себебі, олар заң тұрғысынан жасқанады. Қытайда балалар еңбегіне тыйым салынған, ал Шэн өте жас көрінеді.

Шэннің роликтері тез арада көп қаралым жинап, ер адамның танымалдылығы артқан. Тіпті, ол ата-анасы көріп, ызалана ма деп алаңдаушылық білдірген. Алайда, ақыр соңында оған танымалдылық пайда әкелді. Көп ұзамай Шэнді бірден бірнеше жұмыс беруші қызметкері еткісі келді. Қытайлық азамат ұсыныстардың бірін қабылдады.