"Балаларды қорғау деген сылтаумен сөз бостандығын шектеуі мүмкін": Белгілі журналист мәжіліс мақұлдаған заңға қарсы шықты

10 наурыз 2022, 15:08

Factcheck.kz сайтының жетекшісі Әділ Жәлилов Қазақстанда әлеуметтік желілерді бұғаттауға мүмкіндік беретін заңға енгізілген өзгертулерге қарсылығын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

9 наурыз күні ҚР мәжілісі әлеуметтік желілерді балаларды қорлайтын жазбалар мен пікірлерді бұғаттауға міндеттейтін заң жобасын мақұлдаған. Жоба бала құқықтарын қорғау туралы заң жобасында нақты айтылған және мәжіліс оны екінші оқылымда мақұлдады.

Жәлиловтың айтуынша, балаларды кибербуллингтен қорғаймыз деген сылтаумен ақпарат министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі мазмұнды реттеу үшін қосымша күшке ие болады.

"Өкінішке орай, мәжiлiс балаларды қорғау туралы заң жобасын екiншi оқылымда мақұлдады. Онда, мысалы үшін интернет-платформаларда "заңды өкілдері" болуы керек деп белгіленген делік. Ақпарат министрлігі оған 24 сағат ішінде жою немесе шектелуі қажет нәрсені жібереді. Бұл министрліктің өзі заңсыз деп таныған кез келген мазмұн болуы мүмкін. Ал одан бас тартқан немесе орындамаған жағдайда әлеуметтік желі немесе мессенджер бұғатталады", - дейді Әділ Жәлилов.

Қазір заң жобасы қабылдануы үшін оған сенат пен президенттің қол қоюын күтіп тұр. Егер заң жобасы қабылданар болса, бізде Ресейде қабылданған заңның айнымас көшірмесі пайда болады, дейді ол.

"Мен бұл заң жобасынан пайда табатындар тек шенеуніктер болатынына сенімдімін. Ал бұл заң жобасымен қорғалатын жалғыз бала да - тергеу мен шудан сескенбейтін шенеуніктердің балалары болады. Әлеуметтік желілерде кибербуллингтің "қорқынышты салдарын" дәлелдеп бере алатын зерттеулердің болмағанына шүбәм жоқ", - деп түсіндіреді Жәлилов.

Журналист сондай-ақ балалардың арасында Facebook-ты қолданатындар жоқ екеніне тоқталған. Бірақ айына 100 000 пайдаланушысы бар барлық интернет-платформалар заңға бағынатынын айта келе ол бұл заңның барлығына қатысты болатынын жеткізген.

"Шетелдік платформалардың басымдығы сонда, оларға біздің шенеуніктердің талабы мен бұйрықтары жүрмейді. Мысалы, сыни жазбаны немесе әшкерелеуші бейнені жою туралы. Дәл осы шетелдік юрисдикцияның арқасында біз сөз бостандығын сезінеміз және оны әлеуметтік желілерде пайдалана аламыз. Ал біздің шенеуніктер дәл осы сөз бостандығын бел ортасынан басқысы келеді", - дейді Жәлилов.

Әділ Жәлилов бұл заң жобасының ешкімге әсіресе әлеуметтік желілерде өз аккаунттары мен арналары бар БАҚ-қа да, блогерлерге де, қарапайым қолданушылар мен бизнеске де қажет емес екендігіне сенімділігін білдіреді.

Оның айтуынша, бұл ақпарат министрлігін интернет жандармериясына немесе желілік ішкі істер комиссариатына айналдыратын өте қауіпті заң.

"Мен барлығын ашық түрде қарсылық танытуға шақырамын. Себебі бұл барлығына бірдей қатысты. Егер біздің билігіміз балаларымыздың болашағына шынымен қатты алаңдаса, онда "Абайлық бала" туралы болмаса басқа да жаға ұстатарлық жәйттер орын алмас еді. Ал бұл мәселелерге халықтың назарын аудартуға әлеуметтік желілер ғана көмектесті", - деп түйіндеді Әділ Жәлилов.